Жаңадан тағайындалған сыртқы барлау қызметінің басшысы ант қабылдады

27 қыркүйек, 2018, 14:49 3300
Жаңадан тағайындалған сыртқы барлау қызметінің басшысы ант қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің басшылық құрамымен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы барлау қызметінің ұжымына жаңа директор Сартаев Исатай Бақтиярұлын және директордың бірінші орынбасары Оразов Нұрлан Оразұлын таныстырды, деп хабарлайды BNewskz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Исатай Сартаев ант қабылдады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті жаңа басшылыққа сыртқы барлау қызметі жұмысының негізгі басымдықтарын белгілеп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетейік, осыған дейін сыртқы барлау қызметінің басшысы тағайындалғаны туралы хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Елбасы #заң

Читайте также

Похожие новости