Жарылғыш құрылғы туралы жалған хабарлама таратқандар бас бостандығынан айырылады

03 тамыз, 2018, 16:38 435 Астана
Жарылғыш құрылғы туралы жалған хабарлама таратқандар бас бостандығынан айырылады

Қаскүнем адамды тауып алу полицияға қиынға соқпайды, ал осындай қылмыс үшін жаза өте ауыр.

Астана қалалық ІІД-не жыл басынан бері ҚР ҚК 273 бабында қаралған (терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату) бойынша 6 факті тіркелген. Көрсетілген қылмыс бойынша барлық тұлға анықталып, ұсталды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жарылғыш құрылғы орнатылған деген хабарлама шыққан жағдайда тез арада шұғыл әрекет етіп, полицейлермен жабдықталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.

Қаскүнем адамды тауып алу полицияға қиынға соқпайды, ал осындай қылмыс үшін жаза өте ауыр. Қазіргі заманауи технологияның арқасында жарақтанып алған полицейлер қылмыстық құқық бұзушыны көбіне бір тәуліктің ішінде-ақ тауып жатады. Ойланбай жасалған әрекеттің салдары материалдық шығынын өтейтін қылмыстық жауапкершілікпен аяқталады.

"Жалған қоңырау - қоғамда дүрбелең туғызатын өте ауыр санаттағы қылмыстың түрі. Көбіне мұндай жалған ақпаратты кәмелет жасына толмағандар бұзақы әрекетпен жасайды немесе мас күйінде үлкендер де хабарласып, қылмыс жасайды. Кейде "телефон террористері" жұмыс уақытын бөлу үшін немесе басқа мекемені әбігерге салу үшін әдейі саналы түрде барады", - дейді Астана ІІД экстремимзге қарсы күрес жөніндегі басқарманың қызметкері Данияр Шынықұлов.

Жасаған қылмысы үшін ҚР ҚК 273 бабында қаралған (терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқандар) 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бұдан басқа, мекеме қызметінің, кәсіпорын, ұйымдардың жұмыс нормасы режимін бұзғаны үшін телефон бұзақысынан немесе оның ата-анасынан, кәмелетке жасы жетпегендерден жарылғыш құрылғы туралы жалған қоңырау таратқан адамнан материалдық шығын өндіріледі. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар