Жас астаналықтар Елбасына өз тілектерін білдірді 

01 желтоқсан, 2018, 14:09 2524 Астана
Жас астаналықтар Елбасына өз тілектерін білдірді 

"Президентке тілек" балалар шығармашылық байқауының қорытындысы шықты.

Астанадағы қалалық №1 өнер мектебінде Тұңғыш Президент күніне арналған "Президентке тілек" балалар шығармашылығына арналған байқаудың қорытындылары белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Президентке тілек" балалар шығармашылық конкурсының мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриоттықты, Отанға, Президентке деген сүйіспеншілікті сіңіру, балалар шығармашылығын қолдау, көркем мәдениетті насихаттау, жастардың ұлттық мәдениетке, тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Байқауға Астана қаласы мектептерінің оқушылары қатысты. Жұмыстар қағаз шығармашылығы, акварельмен салынған картиналар, тоқыма материалдарынан, ағаштан жасалған.

"Мен біздің балаларымыздың дарынды және қабілетті, жақсы жаңа ақпаратты қабылдауға дайын екендігіне қуаныштымын. Олардың әрқайсысының көзінде оты бар. Оқушыларға қатысқаны үшін, ал сынып жетекшілеріне қолдау білдіргендері үшін алғысымды айтамын", - деді №1 өнер мектебінің директоры Фархад Сәбиев.

Қалалық білім басқармасының және өнер мектебінің комиссия мүшелері 320 жұмыстың ішінен 36 жұмысты іріктеп,  оларды жүлделі орындарға лайық деп таныды. Байқауға қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар