Жасотандық Шымкент тұрғындарын 25 кг палаумен тамақтандырды - Жаңалықтар | BNews

Жасотандық Шымкент тұрғындарын 25 кг палаумен тамақтандырды

Жасотандық Шымкент тұрғындарын 25 кг палаумен тамақтандырды

Партия мүшесінің бұл әрекеті тұрғындарды таң қалдырды.

Айбар есімді "Жас Отанның" белсендісі өзі сияқты ерікті жастарды жинап, күзетшілер, аула сыпырып, қоқыс тазалап жүрген және мектеп, ауруханада еден жуатын жандардың еңбегін  бағалап, алғыс айту мақсатында, сондай-ақ, үй-күйсіз қалған көшедегі адамдарға палау, бауырсақ пен шәй таратты. Жалпы 25 келі палау пісіріліп, барлығы бір күнде таратылды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Шымкенттегі университеттердің бірінде оқитын 22 жасар студент осыған дейін де балалар үйі тәрбиеленушілері, мүгедек, сал ауруымен ауыратын балалар мен қарттар үйіндегі егде адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған болатын", - деп айтып берді "Жас Отан" партиясының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кететіні, Айбар көзі көрмейтіндерге брайль шрифінде кітап шығарған.

"Жасаған жақсылығыңды жар салуға болмайды" десе де, Айбар секілді жастардың әрекеті басқаларға үлгі болу керек", - деп сендірді жасотандықтар.

Еріктілердің айтуы бойынша, 1 наурыз – Қазақстандағы Алғыс айту күніне де қала тұрғындарын тосын сый күтіп тұр. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары