Жастар мемлекеттің болашағы үшін жауапкершілікті алуға дайын – Әшімбаев

29 наурыз, 2018, 15:04 3357
Жастар мемлекеттің болашағы үшін жауапкершілікті алуға дайын – Әшімбаев

Съезд соңында қорытынды құжат қабылданды.

Қорытынды құжатты Мәулен Әшімбаев жастардың жаңғырту процестеріне бағытталған жаңашыл көзқарастарының озық үлгісі ретінде атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының әрдайым жастарға қолдау көрсетіп, тәуелсіздіктің барлық жылдары жас буынның сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына бүкіл жағдай жасап жатқанын айтты.

"Кешенді жаңғырту бағдарламасында дүниежүзі бойынша дамыған 30 елдің қатарына ену мақсаты бар. Осы мәселеде жастарға аса мән берілген. Жаңғырту үрдісіндегі қозғаушы күш ол – жастар. Сіздердің бастамашылдықтарыңыз, күш-қуат, ақыл мен креативті ойлау қабілеттеріңіз Елбасы айшықтап берген стратегиялық бағыттың жүзеге асырылуының бұлтартпас кепілі болып табылады. "Жас Отан" бүкіл Қазақстан жастарының абыройлы өкіліне айналуы тиіс. Бүгінгі съезд жастар интеграциясының ел жаңғыруы жолындағы негізгі бағытына айналуы тиіс", - деді Мәулен Әшімбаев.

Съезд соңында қорытынды құжат қабылданып, жасотандықтар алдарына маңызды стратегиялық мақсаттар қойып, елде жүргізіліп жатқан жаңғырту процестеріне белсене араласудың бағыт-бағдарын бірауыздан бекітті.

"Біз съезді жаңа креативті форматта өткіздік және бұл қатысушылардың барлығына да ұнаған болар деген үміттемін. Аймақтардан келген делегаттар партия жанындағы жастар қанатының мән-маңызы мен болашағын талқылады. Олар көп үміт күттіретін ойлармен бөлісіп, нақты жобаларды ұсынды. Бүгінгі съезд жастар Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілік ала алатынын және Елбасымен XXI ғасырда жаңа Қазақстанды дамытуға дайын екенін көрсетті", - деп атап өтті ол.

Мәулен Әшімбаев барлық жасотандықтарды маңызды құжаттың қабылдануымен құттықтады.

"Біздің қорытынды құжаттың тезистері кешегі бес сессия барысында талқыланған ұсыныстар негізінде жасалып отыр. Ол Қазақстанның жаңғыруына бағытталған. Осы съезд арқылы жаңа әлемге ұмтылып, дамудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. Мақсатымыз – анық, бағыт-бағдарымыз – айқын. Алдымызда Елбасы белгілеп берген абыройлы міндеттер тұр. Сол көздеген межеге қол жеткізу үшін, жұдырықтай жұмылып жұмыс істейік. Елбасының игі бастамаларын жүзеге асыруда әрдайым бірліктің биігінен көрінуге тиіспіз", - деді сөз соңында Мәулен Әшімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада "Жас Отан" жастар қанатының төртінші съезі өтті. Ол алғаш рет виртуалды шынайылық форматында өткізілді. Интернеттің кез келген пайдаланушысы сьезді көріп, тыңдау мүмкіндігіне ие болды.

"100 жаңа есім" жобасына қатысушы паралипиядалық Серік Есматов басына түскен қиындықтарды жеңіп, жастар арасында көшбасшы болғаны туралы "Жас Отан" жастар қанатының IV съезінде айтып берді. Ол жастарды қолда бар мүмкіндіктері туралы ойлануға шақырды.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Мәулен Әшімбаев #жастар

Читайте также

Похожие новости