Қызылордада "Жастық жалыным – мәңгілік еліме" атты патриоттық шеру өтті

Написать нам
05 мамыр, 2018, 15:47 4392 Қызылорда облысы
Қызылордада

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ерен ерлігін, Отаны үшін от кешкен ержүрек жауынгерлеріміздің батырлығын дәріптеу арқылы жастарды патриотизмге, елжандылыққа, Мәншүк ізбасарлары ретінде Мәңгілік Елдің айбынды азаматы болуға тәрбиелеу.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі қарсаңында Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі ұжымының бастамасымен, облыстық білім басқармасы, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері басқармасы, қалалық әкімшіліктің қолдауымен облыстағы техникалық және кәсіптік оқу орындарының студент қыздарынан құралған жастардың "Мәншүк маршы" патриоттық шеруі дәстүрлі түрде өткізіліп отыр.

Аталған шеру өткен жылы Мәншүк Мәметованың туылғанына 95 жыл толуына орай колледж студенттерінің бастамасымен ұйымдастырылған болатын.

Бұл бастама облыстық білім басқармасының, облыстық ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері басқармаларымен  қолдау  тауып, студент жастардың "Мәншүк маршы" патриоттық шеруі биылғы жылдан бастап, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелерінің қарсаңында "Жастық жалыным – Мәңгілік Еліме!" тақырыбында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын болып шешілді. Бұл – колледж үшін үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейтін мәртебелі іс.

Жалпы саны 450 адамнан тұратын студент қыздар мен әскери қызметші қыздардан құралған колонна Мәншүк ескерткішіне тағзым етіп гүл шоқтарын қоюдан бастап  Қорқыт Ата-Желтоқсан-Толыбеков көшелерімен жүріп өтіп Тағзым алаңында сап түзейді. Патриоттық шеру қала жұртшылығы, Соғыс ардагерлері, облыс және қала әкімшілігі мен облыстық маслихат хатшылығы, "Нұр Отан" партиясының Қызылорда облыстық филиалы басшылығы мен қала жастары қатынасатын салтанатты шарамен жалғасады.

Салтанатты мерекеде Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің өнерпаз жастары мен "Япурай" хор ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама көрініс табады.  

Шара барысында Оңтүстік өңірлік Қолбасшылығының Ұлттық Ұлан №55-47 әскери бөлімінің жауынгерлері әскери қимылдарын көрсетеді.

Көшбасшы студенттердің флэшмобтық қолдау биі орындалып, қимылмен "Отан", "Жеңіс" сөздері  жазылады, әуеге шарлар ұшырылады.

"Мәншүк маршына" қатысушылар, ардагерлер мен құрметті қонақтар Тағзым алаңына гүл шоқтарын қойып, естелік суретке түседі.

Аға ұрпақ алып берген ҰЛЫ ЖЕҢІС мерекесі қарсаңындағы "Мәншүк маршы" шеруі жастарымызды жетістіктерге жігерлендіріп, қиындықтарды жеңуге, алға ұмтылуға жетелейтін рухани бастаманың көзіне айналды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар