Желіде Денис Тенге арналған "Тает лёд" бағдарламасының арнайы шығарылымы жарияланды

09 тамыз, 2018, 15:13 2608
Желіде Денис Тенге арналған

Онда қазақстандық спортшының бапкерлері, достары мен әріптестері Денис Тенді құрметпен еске алды.

Олимпиада чемпоны Алексей Ягудин "Тает лёд" атты авторлық бағдарламасының арнайы шығарылымын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнады, деп хабарлайды BNews.kz Матч ТВ-ге сілтеме жасап.

Матч-ТВ арнасынан көрсетілген "Тает лёд" бағдарламасының арнайы шығарылымында Ягудин Денис Теннің бапкерлерімен, достарымен және әріптестерімен әңгімелеседі. Олардың арасында мәнерлеп сырғанаушылар Макисм Маринин, Татьяна Тотьмянина, Максим Траньков, Татьяна Волосожар, Илья Авербух және Денистің достары актер Санжар Мәди, режиссер және сценарист Игорь Цай, Денистің алғашқы бапкері Елена Водорезова мен одан кейінгі жаттықтырушысы Татьяна Тарасова бар. Достары мен әріптестері Денис туралы жақсы естеліктер айтып, оның сан қырлы тұлға екенін еске алды.

Бағдарлама Алматыда, Мәскеуде және Денис Тен Олимпиаданың қола медалін алған жер Сочиде түсірілді.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 19 шілдесінде қазақстандық спортшыны Алматыда пышақтап кетті. Оқиға орнында 3 литр қан жоғалтқан соң жедел жәрдем қызметімен аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Алайда дәрігерлер 25 жастағы Денис Теннің өмірін құтқара алмады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#Денис Тен #еске алу

Читайте также

Похожие новости