Желіде жолдағы темір құрылғының үстінде билеп тұрған ер адамның видеосы пайда болды - Жаңалықтар | BNews

Желіде жолдағы темір құрылғының үстінде билеп тұрған ер адамның видеосы пайда болды

17 мамыр, 11:58 3229 Батыс Қазақстан облысы
Желіде жолдағы темір құрылғының үстінде билеп тұрған ер адамның видеосы пайда болды

Оқиға Орал қаласында орын алған.

Желіде жолдағы жаяу жүргіншілер жолағы белгісі ілінген темір құрылғының үстінде билеп тұрған ер адамның видеосы пайда болды. Оқиға Орал қаласында орын алған, деп  хабарлайды BNews.kz "Мой Город" порталына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, 16 мамыр күні адамдар арасында "Нан зауыты" деп аталып кеткен ауданда белгісіз ер адам би билеген.

Алайда, БҚО ТЖД баспасөз қызметінде аталған мекенжайға ешқандай шақырту жасалмағанын атап өтті. Жедел жәрдем қызметін де ешбір адам шақырмаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары