Жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогінің жеңімпаздары анықталды

15 Января, 2019, 16:58 1907
Жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогінің жеңімпаздары анықталды |  | BNews.kz

Еліміздің чемпиондары 19 қаңтарда "Ольга Рыпакова" атындағы жеңіл атлетика кешенінде өтетін халықаралық сайыстың медальдары үшін күресе алады.

Өскеменде жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Қазақстан кубогі додасы аяқталды. 2019 жылдың алғашқы ресми жарысы "Ольга Рыпакова" атындағы жеңіл атлетика кешенінде ұйымдастырылды, деп хабарланды ҚР ҰОК-ның ресми сайтында.

Турнирге еліміздің бар аймағынан 200-ге тарта спортшы қатысты. Жеңіл атлетшілер айтарлықтай жоғары дайындық пен деңгейде сайысқа түсті.

Жарыс жеңімпаздарының тізімі мынадай:

Ерлер арасында жүгіру

60 метр - Каспер Александр, 6.78

200 метр - Григорьев Владислав, 21.51

400 метр - Соколов Андрей, 48.25

800 метр - Сухов Сергей, 1:53.84

1500 метр  - Сулайманов Саид, 3:57.71

3000 метр - Сулайманов Саид, 8:32.84

Кедергілер арқылы жүгіру

60 метр - Земс Вячеслав, 8.04 

Биіктікке секіру

Дергачев Юрий - 2.08 м.

Сырықпен секіру

Товченик Иван - 5.10 м.

Ұзындыққа секіру

Қайсаров Ринат - 7.24 м.

Үш қарғып секіру

Корнышев Никита - 14.83 м.

Ядро лақтыру

Бут Александр - 13.01 м.

Әйелдер арасында жүгіру

60 метр - Кашафутдинова Рима, 7.58

200 метр- Сафронова Ольга, 23.67

400 метр- Ахметова Аделина, 56.38

800 метр - Сенькина Виктория, 2:17.13

1500 метр- Нерознак Татьяна, 4:20.60

3000 метр - Нерознак Татьяна, 9:20.00

Кедергілер арқылы жүгіру

60 метр - Зкриенова Орынгүл, 9.07

Биіктікке секіру

Овчинникова Кристина - 1.77 м.

Сырықпен секіру

Вислобокова Ярослава - 3.70 м.

Ұзындыққа секіру

Овчинникова Мария - 5.66 м.

Үш қарғып секіру

Овчинникова Мария - 12.86 м.

Ядро лақтыру

Хижнякова Ольга - 12.76 м.

yk-news.kz сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 19 қаңтарда "Ольга Рыпакова" атындағы жеңіл атлетика кешенінде Халықаралық спорт турнирі өтеді. Сайысқа Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Түркия, Армения, Әзербайжан, Беларусь Республикасы және Қазақстан елдерінен спортшылар қатысады.

Спортшылар жеңіл атлетиканың бірнеше түрінен, яғни қатарынан үш рет секіріп түсу, биіктікке секіру, кедергілерден өту арқылы қашықтыққа жүгіру, сырықпен секіру және эстафеталық жүгіріс бойынша сайысады. 

Сондай-ақ, аталған жарыспен қатар Altay Athletics Club "KiDS CUP" балалар сайысы өткізілетін болады. 

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13981

Похожие новости