Жеті жасар бала 2018 жылдың ең бай блогері атанды

04 желтоқсан, 2018, 11:58 1599
Жеті жасар бала 2018 жылдың ең бай блогері атанды

Forbes басылымы YouTube каналының ең бай блогерлерінің тізімін жариялады.

Forbes журналы YouTube каналының ең бай блогерлерінің тізімін жариялады. Басылымның нұсқасы бойынша, бірінші орынды 7 жасар америкалық Райан иеленді. Ол балаларға арналған ойыншықтарға шолу жасайды, деп хабарлайды BNews.kz Forbes  басылымына сілтеме жасап.

Бірінші орынды 7 жастағы америкалық Райан иеленді. Оның Ryan ToysReview каналы жылына 22 миллион доллар тапқан. Кішкентай Райан ойыншықтарына видеорецензия түсіреді. Оған анасы, әкесі және сыңары көмектеседі. Оқушының 17,3 миллион оқырманы бар.

Forbes рейтингінде екінші орында Джейк Пол тұр. Ол 17,5 миллион адамы бар Jake Paul каналында 21,5 миллион долларға ие болған.

Үштікті Dude Perfect каналының авторы тұйықтап тұр. Онда бес адам түрлі трюктар мен эксперименттер түсіреді. Оны 36 миллион адам оқиды, жігіттер 20 миллион доллар қаржы тапқан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар