Жеті жасар қарағандылық бүлдіршін Мәскеудегі сән байқауында жеңіске жетті

03 желтоқсан, 2018, 16:41 1696
Жеті жасар қарағандылық бүлдіршін Мәскеудегі сән байқауында жеңіске жетті

Айша Әбенова ән айтып, пианинода ойнады, сурет салып, өлең оқиды.

Жеті жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны Айша Әбенова 7-9 жас аралығы санатында өткен "Mini miss grand prix Russia 2018" сән байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BNews.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бас жүлдеден бөлек қазақстандық "Mini miss grand prix Russia Instagram" номинациясын жеңіп алды. Халықаралық айтулы байқаудағы жеңіс - Айшаның алғашқы жеңісі емес. Көршілес елдің байқауына барар алдында ол "Mini miss Karaganda 2018" сайысын жеңіп алған болатын.

"Айшаның жеңісі біз үшін кездейсоқтық болған жоқ. Жас болғанына қарамастан, ол лезгинка биін керемет орындайды. Ән айтып, пианинода ойнайды, сурет салып, өлең оқиды", - дейді "Mini miss Karaganda 2018" байқауының ұйымдастырушысы, "Art line" модель агенттігінің директоры Мадина Ахметбекова.

Қарағандылық кішкентай бүлдіршін келешекте Әлем аруы атануды мақсат тұтып отыр. Оның пайымдауынша, мұндай атаққа ие адамдардың ақылы көркіне сай болуы керек. Айша соларға ұқсап, көпті көркімен де, ақылымен де тамсандыруды армандайды. "Mini miss grand prix Russia 2018" байқауы Мәскеудің төрінде ұйымдастылды. Оған Ресей мен оған көршілес елдерден ниет білдірушілер қатысты.    

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар