Жетінші тамызда еліміздің бірқатар аймағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады - Жаңалықтар | BNews

Жетінші тамызда еліміздің бірқатар аймағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

07 тамыз, 09:16 1606
Жетінші тамызда еліміздің бірқатар аймағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Қазақстанның оңтүстік өңірінің кей жерлерінде дауыл тұрып, түнде және таңертең елдің солтүстігінде және орталығында тұман болады.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Оңтүстікте кей жерде дауыл тұрып, түнде және таңертең елдің солтүстігінде және орталығында тұман болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерде тұман болады.

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман болады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерінде қатты ыстық болуы ықтимал.

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары