Жетісуда демалатын туристер саны биыл 2 миллионға жеткізілмек - Жаңалықтар | BNews

Жетісуда демалатын туристер саны биыл 2 миллионға жеткізілмек

21 ақпан, 13:48 914 Алматы облысы
Жетісуда демалатын туристер саны биыл 2 миллионға жеткізілмек

Өткен жылы Алматы облысына 1,5 млн турист келген.

Өткен жылы Алматы облысына келген туристер саны 1,5 млн адам болса, соның ішінде 750 мыңнан астам адам Алакөлдің үлесінде. Демалысына Жетісуды қолайлы көретіндердің саны биыл 2 миллионға жетеді деп межеленіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов тұрғындармен болған есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды BNews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туризмде іргелі мақсаттарға қол жеткізу үшін биылғы жылы екі ірі жоба қолға алынған. Олар Алакөлдің жағалауында инвестиция көлемі 10 млрд теңге болатын "Феникс" ЖШС-ның демалыс аймағы, сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданында жобалық қуатына сай күніне 5 мың адамды қабылай алатын "Есік" тау шаңғы курорты, жоба 64 млрд теңгеге бағаланған.

Айта кетсек, Алакөл жағалауының инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Теміржол қатынасы ұйымдастырылып, Үшарал қаласында әуежай салынды, темір жол вокзалының құрылысы басталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары