Жезқазғанда балалар мен ересектерге арналған нейрооңалту орталығы ашылды

Написать нам
05 маусым, 2018, 12:34 1835 Қарағанды облысы
Жезқазғанда балалар мен ересектерге арналған нейрооңалту орталығы ашылды

Орталық алғашқы келушілерді қабылдай бастады.

"Луч" нейооңалту орталығы 560 шаршы метр аумақта орналасқан, заманауи медицина құралдарымен жабдықталған, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнда айына 50 науқас емделе алады. Орталықта механотерапия аймағы (буындарды шынықтыру, жүрісті, жүру негіздерін үйрену, тепе-теңдікті ұстау үшін), емдеу-дене шықтыру аумағы бар, мұнда нұсқаушылармен жеке және топтық түрде машықтануға болады. Орталықта ересектер үшін жүйке жүйесі және нейрохирургия бағыттары бойынша оңалту курсынан өтеді.

Сонымен қатар орталық аурухана базасында балаларға арналған нейрооңалту орталығы да ашылды. Оның құрамына тәулік бойғы 38 орындық стационар кіреді, мұнда айына 76 науқасқа дейін қабылданады. 
Жезқазғанға сапары барысында облыс әкімі Ерлан Қошанов орталық ауруханадан басқа аурухана қалашығында болды. Бұл жерде медицина колледжі, қалалық емхана, кеңестік-диагностикалық орталық, түберкүлезге қарсы балалар шипажайы, СПИД орталығы орналасқан.

Кеңестік-диагностикалық орталық ғимаратында қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы аумағы – 4 мың шаршы метр. Аурухана қалашығы аумағында балалар алаңы жасақталады, жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, аумақ түгелдей қоршалады. Көліктер үшін автотұрақтар қарастырылған.

Бүгінде Жезқазғанда 419 орындық стационар жұмыс жасайды, онда хирургиялық және терапевтік бағыттар бойынша мамандандырылған және кәсіби қызметтер жинақталған. Орталық аурухана Жезқазған, Сәтпаев, Ұлытау, Жаңаарқа аудандары мен Қаражал және Жәйрем ауылдарының тұрғындарына тәулік бойы қажетті шұғыл көмекті көрсетеді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар