Жезқазғанда сөндірілмеген шылым кесірінен бес қабатты үй өртенді - Жаңалықтар | BNews

Жезқазғанда сөндірілмеген шылым кесірінен бес қабатты үй өртенді

05 наурыз, 13:11 1642 Қарағанды облысы
Жезқазғанда сөндірілмеген шылым кесірінен бес қабатты үй өртенді

Өрт сөндірушілер 17 адамды құтқарды. Олардың жетеуі балалар, тағы 33 адам эвакуацияланды. Оқиға орнында 30 жасар әйелдің мәйіті табылды.  

Жезқазғандағы бес қабатты үйдің екінші қабатындағы екі бөлмелі пәтерде ескі жиһаз бен киім-кешек өртенді, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

"Тұрғын үйдегі өрт туралы хабар 4 наурыз күні сағат 03.04-те түсті. Өрт сөндіруге ТЖД 13 адамы мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Қызыл жалын толығымен сағат 03.36-да сөндірілді. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер 17 адамды құтқарды. Олардың жетеуі балалар,  тағы 33 адам эвакуацияланды. Оқиға орнында 30 жасар әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген  темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.

Қарағанды облысының ТЖД тұрғындарды  өмір қауіпсіздігіне  бар жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары