Жыл басынан бері Астанада 25 мың сәби дүниеге келді

07 қараша, 2018, 15:13 3800 Астана
Жыл басынан бері Астанада 25 мың сәби дүниеге келді

Ал жыл сайын қалаға шамамен 40 мың адам көшіп келуде.

Астанада күн сайын орта есеппен шамамен 80 нәресте дүниеге келеді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалада ана мен балаға қатысты қызметті тұрақтандыруға байланысты брифинг өтті. Күн тәртібінде ана өлімі және оның алдын алу мәселесі қаралды. Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жыл басынан елордада 25 мың сәби дүниеге келген.

Күн сайын 80 сәби дүниеге келеді. Ал жыл сайын қалаға шамамен 40 мың адам көшіп келуде. Ішкі медициналық туризмге байланысты аймақтардан 65 мың адам келеді. Жүргізілген талдауға сәйкес, Астанадағы әр бесінші емделуші аймақтардан келеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар