Жыл басынан бері Алматы облысында 29 мың жұмыс орны ашылды

12 желтоқсан, 2018, 16:36 1775
Жыл басынан бері Алматы облысында 29 мың жұмыс орны ашылды

Облыстағы орташа айлық жалақы көлемі 5%-ға өскен.

Экономиканың нақты секторын дамытудың оң динамикасы жергілікті бюджеттің кірісін соңғы үш жылда 1,5 есеге көбейтіп, 194 млрд теңгеге жеткізуге мүмкіндік берді. Жыл басынан бері облыста 29 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға төмендеді. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында облыстағы барлық кәсіпорындармен жалақысы төмен жұмысшылардың айлығын көтеру туралы жұмыстар жүргізілген.

"Бүгінгі күні 43503 кәсіпорындағы 79,4 мың жұмысшы төмен жалақы алады. Қазіргі кезде 14 мың жұмыс беруші 32 мың жұмыскерінің жалақысын көтеруге дайын. Бюджеттік ұйымдардың 41 мың қызметкерінің жалақысы орта есеппен 35% өседі. Сол сияқты 2019 жылдың 1 қаңтарынан 133,5 мың адам Президенттің салықтық жүктемені төмендету жөніндегі бастамасынан кейін жоғары жалақы алатын болады", - деді Амандық Баталов.

Жыл басынан бері облыстағы орташа айлық жалақы 5% өсіп, 114 мың теңгені құрап отыр. Халықтың нақты ақшалай кірісі 0,8%-ке өскен.

Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтерінде тарифтерді төмендету мақсатында монополистермен жұмыс жүргізілді. Мәселен, "Қапшағайжылу" тарифті 77%, "Талдықорғанжылусервис" - 16,3%, "Жетісу Энерготрейд" - 2,4% төмендетті.

"Көмір бағасын төмендету үшін көмір қоймаларымен тікелей келісімшартқа отыратын бірыңғай операторды белгілеу мәселесі қарастырылуда. Мұндай шараларды жүзеге асыру арқылы көмірдің бір тоннасының бағасын 800-2,5 теңгеге арзандатуға мүмкіндік туады", - деді Амандық Баталов.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Амандық Баталов #жұмыс орны #көмір #жалақы

Читайте также

Похожие новости