Жыл басынан бері менингиттен 12 адам қайтыс болды – Біртанов

04 маусым, 2018, 12:32 1890 Астана
Жыл басынан бері менингиттен 12 адам қайтыс болды – Біртанов

Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі Алматыда тіркеліп отыр.

Қазақстанда 2018-ші жылдың басынан бері менингокок жұқпалы ауруынан 12 адам қайтыс болды. Бүгінде 34 науқас ем қабылдауда, оның жетеуі жан сақтау бөлімінде. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Министрдің айтуынша, бүгінде бұл ауру түрі әсіресе Алматыда өршіп тұр. Жыл басынан бері осы дерт қаупімен 80 адам ауруханаға жатқызылды, оның 35 – де ауру белгілері расталған жоқ.

"Тағы 13 науқас тексеруден өтіп жатыр. Зертханалық тесерулер бес тәулікке дейінгі уақытты алады. Осы ауруға шалдыққан 32 науқастың алтауы Алматыда қайтыс болып кетті. Жалпы республика бойынша 128 адам ауруханаға жатқызылып, 82 адам емделіп ауруханадан шығарылды, 12 адам қайтыс болды, қазірде тағы 34 адам ем қабылдап жатыр, олардың жетеуі жан сақтау бөлімінде",  - деді министр.

Министр бүгінде менингокок жұқпалы ауруымен 58 адам тіркелгенін айтты.

"Қайтыс болғандар саны 12 адам. Ауруға шалдыққан  58 адамның ішінде 14 жасқа дейінгі 18 бала бар, 14 жасқа дейінгі бес бала қайтыс болы. Жалпы менингит ауруы жыл сайын құбылып отырады", - деді ол.

Ведомство басшысы хабарлағандай, 2013 жылы менингокок жұқпалы ауруын 117 тіркелсе, 2014 жылы -119 болған. Ең үлкен көрсеткіш 2015 жылы – 424 рет тіркелсе, 2016 жылы – 120, ал  2017 жылы – 62, ал биыл – 58 адамда тіркеліп отыр дегенді айтты.

"Бүгінде бактериалды менингит туралы айтып отырмыз. Ең көп қайтыс болған адамдар саны 2015 жылы тіркеліп, 21 адам болған. 2013 жылы 18 адам, 2015 жылы – 21, 2016 – 7, өткен жылы – 11 және биыл 12 адам қайтыс болды", - деді Біртанов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар