Жыл басынан бері мемлекеттік қызметке 6300-ге жуық адам қабылданды

06 желтоқсан, 2018, 18:21 3107 Астана
Жыл басынан бері мемлекеттік қызметке 6300-ге жуық адам қабылданды

Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 17 пайызға артық.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап мемлекеттік қызмет саласына 6296 адам қабылданған. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаменті басқармасының басшысы Думан Әбілев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Жиын барысында ол 2018 жылы мемлекеттік қызмет саласында атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баяндап берді.

"Жыл басынан бері мемлекеттік қызметке 6296 адам келді. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 17 пайызға артық. Сапалық құрам бойынша жағдай келесідей: мемлекеттік қызметшілердің орта жасы – 38,7 жас. "Болашақ" бағдарламасы және шетелдік ЖОО түлектері – 981 адам, ерлер – 45%, әйелдер – 55%", - деп атап өтті Думан Әбілев.

Сондай-ақ, ол қызметшілерді іріктеу ашықтығын арттыру және оны жетілдіру үшін биыл заңнамаға бірқатар түзетулер енгізілгенін айтты. Оның ішінде кандидаттарға әңгімелесу процесінің бейнетүсірілімін жүргізу құқығы берілген. Үміткерлердің басшылық лауазымдарға эссе жазуы, сонымен қатар болашақ басшылардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттамаларын білуін міндетті түрде тексеру жүргізіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар