Жыл соңына дейін Астананың сол жағалауында 47 шақырым веложол салынады

18 сәуір, 2018, 16:45 1780 Астана
Жыл соңына дейін Астананың сол жағалауында 47 шақырым веложол салынады

Велосипедшілерге де басқа жол жүргізушілеріне сияқты белгілі талаптар қойылады. 

Астананың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы велосипед көлігін дамыту жобасын әзірледі, онда 47 шақырым веложолдың құрылысы қарастырылған, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Осы жылы Астананың сол жағалауында 47 км веложол пайда болады. Веложол Қабанбай батыр даңғылы бойынша, Мәңгілік ел, Рысқұлов, Қарқаралы тас жолы мен Қонаев, Достық, Мақатаев және Есіл өзені жағалауын бойлай салынады. Жалпы жоба бес кезең бойынша іске асырылады, 2022 жылға дейін 1717 км веложол салу жоспарланып отыр", - деді брифингте Астана ІІД әкімшілік полициясының капитаны Тимур Байкенжиев.

Велосипед жолы Үркер ТК қарама қарсы Қорғалжын тас жолы (4 км) мен Тұран даңғылы бойынша Керей, Жәнібек хандар көшесі және Достық көшесі аралығында (2,9 км) салынады. 

Әкімшілік полиция қызметкерлері велосипед жолағы негізгі жол жүретін арнайы белгілер мен жол белгілерінің жолақ қозғалысынан бөлек болатынын ескертуде. 

Велосипедшілерге де басқа жол жүргізушілері сияқты белгілі талаптар таратылады.   

"Велосипедшілер велосипед жолағы бойынша жүруі керек, ал оң жақтағы жол бойынша оның ішінде бағыттағы көлік жолақтарымен, немесе шетпен, тротуармен, жаяу жол жүргіншілері бойынша басқаларға қауіп тудырмауы шарт", - деді Байкенжиев. 

Велосипедшілер бір қатармен қозғалуы тиіс. Егер топ арасынан басып озғысы келсе арақашықтығы 80 немесе 100 метрден аспауы қажет. 

"Велосипед иесіне біраз міндеттемелер артылады. Ереже бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК 615 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Велосипедшілерге қатысты тағы бір әкімшілік акт, ол ереже бұзғанына қарай 2-ден 20 АЕК айыппұл салынады", - деді әкімшілік полиция капитаны.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар