Жоғарғы сот 300-ге тарта сот үкіміне өзгеріс енгізді

10 шілде, 2018, 15:58 1315 Астана
Жоғарғы сот 300-ге тарта сот үкіміне өзгеріс енгізді

Сот үкіміне енгізілген өзгерістер нәтижесінде 12 адам ақталды.

Жоғарғы сот 269 сот үкіміне өзгеріс енгізді. Соның нәтижесінде 12 адам ақталды. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров бас прокуратураның алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Бас прокуратураның наразылығы нәтижесіне Жоғарғы сот 269 сот үкіміне өзгеріс енгізді. Нәтижесінде 12 адам ақталды. Бұл 12 азаматтың үшеуі 1 жылдан 7 жылға дейін абақтыда отырғандар. Сондай-ақ, 223 сотталған азаматтың жазасы жеңілдетілді", - деді Бас прокурор.

Сондай-ақ, ол қадағалау актілері арқылы 7 мың әскери қызметшінің әлеуметтік құқығы қалпына келтірілгенін атап өтті.

"Прокурорлар жүргізген тексеру нәтижесінде Қарулы күштердегі қылмыс саны – 28%, әкімшілік құқық бұзушылықтар – 45%, әскерилердің өлімі – 24%, жарақаттану 16% төмендетілді. Қадағалау актілері арқылы өтемақы, тұрғын үй және коммуналдық қамтамасыз етуге қатысты 7 мың әскери қызметшінің әлеуметтік құқығы қалпына келтірілді. Бұл бағыт стратегиялық маңызды болып табылады. Себебі, заңдылықтың жай-күйі мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысына байланысты", - деді еліміздің Қайрат Қожамжаров.

Қайрат Қожамжаров алқа отырысында ҚР Бас әскери прокуроры Дастан Сартаевқа әскери мүлікті сатып алу барысында жымқыру фактісіне жол бермеуге, бекітілмеген қарым-қатынастарды болдырмауға және өз қатарында әділдікті сақтауға қатысты бірқатар тапсырма жүктеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров бас прокуратураның алқа отырысында Қазақстанда қылмыстық процесті гуманизациялау аясында қабылданған заңға сәйкес бес мыңға жуық азамат бостандыққа шығарылуы ықтимал екендігін мәлім етті. Сонымен қатар, ол заң жобасының басты қағидаларына тоқталып өтті.

Айта кету керек, аталған заңмен Қылмыстық кодекстің 255-бабына, Қылмыстық-процестік кодекстің 16-бабына және Қылмыстық-атқару кодексінің 6-бабына сәйкес өзгертулер енгізіліп отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: