Жолдаудағы ең төменгі жалақының 1,5 есе өсірілетіндігі қуантты – көп балалы ана

08 қазан, 2018, 11:31 2796 Ақмола облысы
Жолдаудағы ең төменгі жалақының 1,5 есе өсірілетіндігі қуантты – көп балалы ана

Ақмолалық Қазинаш Айдосова жұмыссыз жүрген жастар үшін алаңдаулы екенін атап өтті.                                          

Ақмола облысы, Айдарлы ауылының тұрғыны, көп балалы ана Қазинаш Балтақызы Айдосова Елбасы Жолдауын қолдайтынын, өйткені әр Жолдауда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетіндігін айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Елбасы Жолдауын отбасымызбен жыл сайын ерекше ынтамен тыңдаймыз. Себебі әр Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне, халқымыздың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. 5 қазандағы Жолдауда қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеті жайлы аталып өтілді", - дейді Қазинаш Айдосова.

Көп балалы ана жұмыссыз жүрген жастар үшін алаңдаулы екенін атап өтті.

"Көп балалы аналарды Жолдаудағы ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсірілетіндігі қуантты. Өйткені біз жұмыссыз жүрген жастар үшін алаңдаудамыз. 1 млн 300 мыңнан астам қазақстандықтың еңбек ақысы көтерілсе, тұрмыс жағдайы да жақсаратыны анық", - деді ол.

Оның айтуынша, Елбасымыз "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартып, жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыруды тапсырды. Бұл мәлімдемеге де бір қуанып қалдық, 3 жыл ішінде кемінде 22 мың жаңа жұмыс орны ашылмақшы.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнатуда батыл шаралар қабылданып, коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтің жасалуы әлі күнге ашық еместігін ескертуі де дұрыс шешім.

"Балабақшадағы сапа мен тәрбиешілер еңбекақысының көтерілетіндігі де көңілімізден шықты. 2019 жылы "Педагогтардың мәртебесі" туралы Заң қабылданатын болды. Ұстаз мәртебесін көтеру қажет. Біз өзіміз ұстазды құрметтеп өскен жанбыз. Ертеңгі мемлекетіміздің болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде екенін түсінеміз. Немерелеріміз мектепте білім алып жатыр", - деп атап өтті Қазинаш Айдосова.

Ол әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мән-мағынасын, олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуі тиіс екендігін алға тартты. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы жаппай қолдауға ие болды. Оның үстіне елімізде "Бес әлеуметтік бастама" жарияланған және Президент бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның айналасын жаңа бағытпен кеңейту қажеттілігін атап өтті. Бұл кәсіппен айналысамын дегендерге өте тиімді.

"Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. "Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын", - деді Президент. Аудан басшылары, ауыл тұрғындары Елбасының ой-тұжырымдамаларынан туындайтын міндеттерді орындайды, жолдауда айқындалған жоспарды жүйелі жүзеге асырады деген үміттемін. Елбасымыздың көрегенділігімен еліміз өркендеп, дамып келеді. Президентімізге ұзақ ғұмыр, елімізге ынтымақ, бірлік тілеймін", - деп сөзін түйіндеді көп балалы ана.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: