Жолдаудың басым бағыты - адами капиталды дамыту - Жаңалықтар | BNews

Жолдаудың басым бағыты - адами капиталды дамыту

27 ақпан, 16:39 2051 Ақтөбе облысы
Жолдаудың басым бағыты - адами капиталды дамыту

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді.

Вице-министр Ақтөбе облысының Мұғалжар және Алға ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметіне сәйкес келетін Жолдаудың басым бағыты - адами капиталды дамыту екендігіне тоқталып өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Адами капиталды дамыту аясында тұрғындардың денсаулығын нығайту, медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін жақсарту қажеттілігі маңызды екені айтылды. Біздің қоғам үшін Жолдаудың сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін дамыту бойынша бөлімі өзекті болып табылады. Мұнда барлық негізгі мамандықтар бойынша заманауи стандарттарды әзірлеу маңызды" - деп атап өтті Берік Арын.

Адами капиталдың алға жылжуына, әрине елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің үлес қосатыны сөзсіз. Осы тұрғыда Берік Арын биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің іргесінде конфессияаралық және этносаралық келісім жатыр - деп атап өткенін тұрғындарға жеткізді. Сондай-ақ министрліктің атқарып отырған қызметіне тоқталып, дін саласында әзірленіп жатқан жаңа заң жобасы қоғам арасында барынша түсіндіріліп жатқандығы туралы баяндады.

"Бұл жоба көптеген түрлі диалогтік алаңдарда сарапшылардың, діни бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің, теологтардың, бұқаралық ақпарат құралдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен талқыланды. Республика бойынша өңірлерде 2000-нан астам кездесулер мен пікір алмасулар ұйымдастырылды. Осылайша мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық моделінің қалыптасуы барысында жан-жақты сындарлы серіктестік орнығуда" - деді Берік Арын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары