ЖОО студенттері  киберқауіпсіздікті оқитын болады – ҚР БҒМ - Жаңалықтар | BNews

ЖОО студенттері  киберқауіпсіздікті оқитын болады – ҚР БҒМ

19 наурыз, 12:19 2453 Астана
ЖОО студенттері  киберқауіпсіздікті оқитын болады – ҚР БҒМ

Білім және ғылым министрлігі жыл сайын IT-мамандықтары бойынша гранттарды ұлғайтпақ.

Қазақстан студенттері ЖОО-да киберқауіпсіздікті оқитын болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым минстрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Министрдің айтуынша, білім жүйесін цифрландыру үшін IT- мамандарды әзірлеу өте маңызды.

Ерлан Сағадиевтің мәліметінше, бүгінде еліміздің 84 жоғары оқу орнында 33 мың адам, ал 30 колледжде 24 мың адам оқиды. Жыл сайын жоғары оқу орындарынан 10 мың студент, колледждерден 8 мың түлек бітіріп шығады.

"Біз осы мамандық бойынша гранттар көлемін жыл сайын ұлғайтып жатырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл гранттардың санын 1340-ға ұлғайтамыз, оның ішінде IT-мамандығы бойынша гранттар да бар. Ең басты мәселе - сапада. Сондықтан реттеу білім беру бағдарламаларының рейтингісінен өтуі тиіс. Бірінші рейтингті біз әзірледік", - деді Сағадиев.

Бүгінде "Болашақ" стипендиясымен "ақпарттық техлогиялар мен жүйелер" бағыты бойынша  1000 студент оқып шықты.

"Олардың барлығы АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Сингапурдің ең мықты  университеттерінде білім алды. Олардың басым бөлігі мемлекеттік органдарда, IT-компанияларда жұмыс істейді", - деп атап өтті министр.

Министрдің айтуынша, қазір студенттердің басым бөлігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқып жатыр.

"Сондай-ақ студенттерді киберқауіпсіздікке үйрете бастадық. Бұл жаңа бағыт. Жыл сайын біз гранттар көлемін ұлғайтамыз, біздің алдымызда мамандарды әзірлеу бойынша екі мәселе тұр. Бұл IT-технология мамандарын дайындау және басқа мамандық бойынша оқитын студенттерді де осы сала бойынша оқыту болып табылады. Өткен жылдан бастап барлық студенттер үш несие көлемі бойынша "Ақпарттық-коммуникациялық техгология" пәнін оқуда. Мысалы IT-генетика, IT-медицина, агроинформатика бағыты бойынша да мамандар дайындалуда", - деді Ерлан Сағадиев.

Ұқсас жаңалықтар