Жұма күнге арналған ауа райы болжамы

02 қараша, 2018, 09:10 3266 Астана
Жұма күнге арналған ауа райы болжамы

Кей жерде екпінді жел соғып, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын жауады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Батыста және оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерде екпінді жел соғып, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, басым бөлігінде жел 15-20 м/с, кей жерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Aқмола, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Aқмола облысында күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Aлматы облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түседі, Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей аумағында жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!