Жұма күні елімізде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады

19 қазан, 2018, 09:18 3166
Жұма күні елімізде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады

Қазақстанның кей жерінде жел күшейеді.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Соған байланысты жаңбыр жауады. Батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктерінің болжауынша, Aқмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында, түнде және таңертең Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, кей уақытта желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, түнде және таңертең Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Aлматы, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Aлматы облысында тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар