Жұма күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

16 қараша, 2018, 08:15 2716
Жұма күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Тек республиканың солтүстігінде аздаған қар жауады.

Антициклон әсерінен республика территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде аздаған қар жауады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Кей жерлерде тұман түсіп, екпінді жел соғып, солтүсік бөлігінде екпінді жел мен жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Жамбыл және Түркістан облыстарының кей аумағында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей аумағында жаяу бұрқасын болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар