Жұма күні еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

30 қараша, 2018, 09:09 2417
Жұма күні еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 23-28-ден 30 м/с-ге дейін жетеді деп күтілуде.

Қазақстанның аумағы белсенді фронтальды аймақтың ықпалында орналасуына байланысты жауын-шашын, кей жерлерде қатты-жауын-шашын болады, жел күшейіп, солтүстікте бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с және одан аса күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Шығыс-Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с , кей аумақта бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысында жел 15-20, екпіні 25, кей жерлерде 30 м/с және одан асады, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде тұман, күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, түнде кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, тұман, жаяу бұрқасын болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, тұман, көктайғақ болады.

Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болады. Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар