Жұма күні еліміздің бірқатар аумағында тұман түсіп, жел күшейеді - Жаңалықтар | BNews

Жұма күні еліміздің бірқатар аумағында тұман түсіп, жел күшейеді

09 ақпан, 09:18 1437
Жұма күні еліміздің бірқатар аумағында тұман түсіп, жел күшейеді

Республиканың солтүстігі мен шығысында аздаған қар күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 9 ақпан күні республиканың солтүстігі мен шығысында аздаған қар күтіледі. Қазақстанның басқа өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерін тұман басып, желдің күші 15-23 м/с артады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумағында тұман түседі.

Түнде Алматы облысының кей жерінде тұман болуы ықтимал, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

Айта кетейік, еліміздің басым бөлігінде кеше де тұман түсіп, көктайғақ болды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары