Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады

14 Декабря, 2018, 09:01 3224
Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады |  | BNews.kz

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшейюі күтіледі.

14 желтоқсанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінің кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшейюі күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжауынша, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында бұрқасын болады.

Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл аймағында желдің 18-26 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, Жамбыл облысында жел 15-20 м/с күшейеді.  

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13932

Похожие новости