Жұмыста үш сағат себепсіз болмаған қызылордалық мемлекеттік қызметкер орнынан босатылды - Жаңалықтар | BNews

Жұмыста үш сағат себепсіз болмаған қызылордалық мемлекеттік қызметкер орнынан босатылды

07 тамыз, 13:20 1691 Қызылорда облысы
Жұмыста үш сағат себепсіз болмаған қызылордалық мемлекеттік қызметкер орнынан босатылды

Аймақта жыл басынан бері теріс себептермен бес мемлекеттік қызметші атқарып отырған қызметінен босатылған.

Қызылордада жұмыс орнында үш сағат себепсіз болмаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды. Сондай-ақ, облыста жыл басынан бері теріс себептермен бес мемлекеттік қызметші атқарып отырған қызметінен босатылған, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биылғы алты айдағы теріс себептермен қызметтен босатылғандардың 2-уі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін, 2-уі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін және 1 мемлекеттік қызметші дәлелді себепсіз 3 сағаттан астам уақыт жұмыста болмағандығы үшін қызметтен қуылса, былтырғы жылдың алғашқы алты айында 17 мемлекеттік қызметші теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған болатын", - деді ҚР МҚІЖҚКА Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов баспасөз конференциясында.

Айта кетейік, бұл өткен жылдың І-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 3,5 есе аз.

Сондай-ақ, облыс бойынша жыл басынан бері 48 мемлекеттік қызметші, оның ішінде басшы құрамдағы 14 қызметші өз өтінішіне сәйкес қызметтен кеткен.

Бүгінгі таңда, Қызылорда облысында штат бойынша 3737 қызметшінің орнына 3588 мемлекеттік қызметші жұмыс жасауда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары