Зырянда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 пәтерлі үй салынып жатыр

13 шілде, 2017, 12:05 484
 Зырянда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 пәтерлі үй салынып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды Вnews.kz.

 Құрылысы маусым айында басталған үйдің құны 460 млн теңге құрады.

«Нарын-Сервис» ЖШС салып жатқан үйдің құрылысы 2018 жылы аяқталып, баспаналар қолданысқа берілмек. Жаңа көпқабатты үйде 40 екі бөлмелі және 20 үш бөлмелі пәтер болады деп жоспарланған.

Айта кетсек, ағымдағы жылы моноқалада салынып жатқан үйге 411 млн теңге бөлініп, оның 120,6 млн теңгесі игерілген.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #құрылыс

Читайте также

Похожие новости