Зульфия Ғабидуллина Мексикадағы әлем чемпионатынан алтын алды - Жаңалықтар | BNews

Зульфия Ғабидуллина Мексикадағы әлем чемпионатынан алтын алды

07 желтоқсан, 12:20 1637 Астана
Зульфия Ғабидуллина Мексикадағы әлем чемпионатынан алтын алды

Мехикода мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт фестивалі өтіп жатыр. Онда жиынға қатысушылар суда жүзу мен ауыр атлетикадан өнер көрсетуде, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жарыста 50 метр қашықтыққа еркін стильде жүзген қазақстандық спортшы Зульфия Ғабидуллина алтын медальді жеңіп алды.

Ол 50 метр қашықтықты 42.87 секундта жүзіп өтіп, грециялық Александру Стаматопулуды және италиялық Патрисию Валлені артта қалдырды.

Сәрсенбі күні Қазақстанға күміс пен қола медальді Әнуар Ахметов пен Андрей Афанасьев алып берді. Олар 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзді. Қазақстандықтар Беларусь елінің спортшысы Владимир Изотовқа жол берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары