"100 жаңа есім" жобасына қатысқан 2 мыңнан астам адам елеусіз қалмайды

5 Декабря, 2017, 16:46 1680
"100 жаңа есім" жобасына қатысқан 2 мыңнан астам адам елеусіз қалмайды | 100 новых лиц | BNews.kz

"100 жаңа есім" жобасына қатысқан барлық 2 мыңнан астам қатысушы туралы баяндалады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды  BNews.kz. strategy 2050.kz-ке сілтеме жасап.

""Қазақстанның 100 жаңа есімі" бойынша біз арнайы жол картасын әзірледік. Келесі жылы сәтін салса, үздік жүздікке енген адамдарға арналған 100 теленовелла жарыққа шығады. Біз бұл туралы әлі де толығырақ айтамыз. Мүмкін бұл арнайы бейнероликтер ретінде шығады. Олар бағдарламаға қатысады. Толық жоба бар. Біз бұл жобаны аяқсыз қалдырмаймыз", - деді Дәурен Абаев.

Д.Абаев айтып өткендей, үздік жүздікпен бірге, жалпы жобаға қатысқан 2100 адам ұмыт қалмайды.

 "Мен бір құпияның бетін ашайын. Біз үстел басында отырғанда Президент жалпы тізімге қанша адамның тіркелгенін сұрады. Мен 2100 адам екенін атадым. Ол сол кезде 2100 адамның барлығын үлгі ету керектігін айтты.  Бұл бүкіл министрліктердің, ҚХА-ның бірлесе атқаратын жұмысы. Ең басты жетістік - бүкіл азаматтық қоғамның қолдау білдіруі. Заманауи технологиялар заманында жаңалықтар легі тез ұмытылып кетуі мүмкін. Сондықтан, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" бойынша біз арнайы жол картасын әзірледік", - деді Д.Абаев.


olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости