Балаларды жастайынан табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу керек – Г.Құлжабаева

11 Декабря, 2013, 18:11 996
Балаларды жастайынан табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу керек – Г.Құлжабаева | 100 новых лиц | BNews.kz

 Балаларды жастайынан табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу керек деп есептейді «Өсімдіктер әлемі» оқыту-әдістемелік кешенінің авторы Гозел Құлжабаева. Бұл туралы strategy2050.kz хабарлап отыр. 

«Гүлстан» ғылыми-көпшілік журналы мен «Өсімдіктер әлемі» оқыту-әдістемелік кешендерін құру, оқулықтар жазу арқылы өзіндік үлесін қосып жүрген Гозел Құлжабаева.

«2011 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «20 жылдыққа 20 ағаш» деген бастама көтеріп, 36 000 тал ектік. 2012 жылы аналардың құрметіне де Алматы және Жамбыл облыстарында бірнеше ағаш отырғыздық. Біз, Қазақстанның әрбір азаматы өзіміздің Отанымыз, жеріміз үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біздің болашағымыз – балалар десек, бүлдіршіндерді жастайынан табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеуге тиіспіз», - дейді «Гүлстан» ғылыми-көпшілік журналы мен «Өсімдіктер әлемі» оқыту-әдістемелік кешенінің авторы Гөзел Құлжабаева.

«Гүлстан» ғылыми-танымдық журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі «Әр ауланың гүлденуі – мемлекеттің гүлденуі» деген ұранмен республика көлемінде жеті жылдан бері жұмыс істеуде.
«Гүлдер әліппесінде» 40 өсімдік атауы берілген. Ата-аналар, тәрбиеленушілер, тәрбиешілер осы әліппе арқылы өсімдіктіктердің атауымен танысып, танымдық деңгейін көтереді, сөздік қорын байытады.

Гөзел Құлжабаева 1960 жылы туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1979 жылы Алматы Энергетика институтына инженер-электрик мамандығы бойынша оқуға түсті.
Алматы Қыздар мемлекеттік педогогикалық институтында Билогия мамандығы бойынша білім алды.
Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің Филология факультетін тәмамдаған.
2005 жылы – «Гүлстан» республикалық ғылыми-көпшілік журналын шығарды.
«Туған табиғатты аялайық», «Бақыт гүлі», «Қызғалдақтың отаны Қазақстан», «Гүлдесте» республикалық байқауын өткізді.
Иран, Польша, Германия, Тайланд (Патайя қаласы), Қытай (Үрімші, Гуанжоу), Ұлыбритания (Лондон, Оксфорд), Ресей (Мәскеу), Қырғызстанда білімін жетілдіріп қайтты.
2005-2013 жылдары – Ландшафт халықаралық көрмелеріне қатысты, Түркия, (Стамбұл), Ұлыбритания (Челси), Польша (Познань), Қытай (Гуанжоу), Ресей (Мәскеу), Алматы мен Астанадағы осындай шараларға атсалысты.
Қырғызстанда «Гүлстан» бағы базасында студенттерді тәжірибеден өткізді.

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости