Елбасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесті

1 Декабря, 2017, 17:03 5446
Елбасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесті | 100 новых лиц | BNews.kz

Тұңғыш Президент күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасында жеңіске жеткен азаматтармен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.     

Биыл Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыруға шақырды.

Нәтижесінде «100 жаңа есім» жобасы қолға алынды. Ондағы мақсат - тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, жерлестерімізді көпшілікке таныту.

«100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру бірнеше кезеңнен тұрды.

Бірінші, өтініштер қабылданды. Ол краудсорсинг негізінде жүзеге асты. Жобаға кез-келген үміткерге қатысуға мүмкіндік берілді.

Жобаның алғашқы кезеңінде азаматтар 100esim.el.kz сайтына кіріп, өтініштің формасын толтыру қажет болды. Кейін жұмыс тобы мен сарапшы комиссия келіп түскен жұмыстарды қоғамдық пікірге сүйене отырып, іріктеді.

Ал El.kz порталында жалпыхалықтық онлайн-дауыс беру нәтижесінде жобаның 102 жеңімпазы анықталды. «100 жаңа есім» жұмыс тобының тең төрағасы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, екі үміткер жалпы топтан оқ бойы озық шыққан жүздіктен дауыс саны бойынша сәл ғана қалып тұрғандықтан, тізімге енгізілген көрінеді.

Айта кетейік, жобаға қатысушыларды іріктеу кезеңінде 340 мыңнан астам қазақстандық өздері таңдаған тұлғаларға 1 млн 376 мың дауыс берген.

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости