Астанада визалық құжаттарды рәсімдеуді жеңілдету жобасы іске қосылады

11 тамыз, 2017, 16:14 2303
Астанада визалық құжаттарды рәсімдеуді жеңілдету жобасы іске қосылады

Астанада визалық құжаттарды рәсімдеуді жеңілдетудің пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Вnews.kz.

«Біз Астанада көші-қон жөніндегі арнайы ХҚКО іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір келіссөздер жүріп жатыр, ғимарат табылды. Виза беру немесе тіркеуге алу қызметін көші-қон полициясы қызметкерлері жүзеге асырады. Жоба қазір белсенді түрде талқылануда», - деді Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма басшысы Абылайхан Оспанов.

Жемқорлықпен күрестің алдын алу мақсатында мұнда қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасында байланыс болмайды.

«Шешім қабылдайтындар бар және қызмет алушылар бар. Егер олар өзара келісімге келетін болса, жемқорлыққа жол берілуі мүмкін. Енді осы буынның  арасында мемлекеттік корпорация пайда болады. Біз мүдделі тұлға емеспіз, тек құжатты қабылдап, әрі қарай өткіземіз. Демек қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасында байланыс жоқ», - деді А.Оспанов.  

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #визалық құжаттар

Читайте также

Похожие новости