Логистика мен әлем нарықтарына қолжетімділік тұрғысынан Қазақстан инвестициялау үшін тартымды ел

03 мамыр, 2018, 11:01 3340
Логистика мен әлем нарықтарына қолжетімділік тұрғысынан Қазақстан инвестициялау үшін тартымды ел

"Kazakh Invest"-тің қолдауымен қазақстандық кәсіпкерлер әлеуетті шетелдік инвесторлармен белсенді қызмет жасап келе жатыр. 

"Kazakh Invest" Басқармасының Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев "Логистика мен әлем нарықтарына қолжетімділік тұрғысынан, Қазақстан ірі трансұлттық компаниялардың тарапынан инвестициялау үшін тартымды ел" болып табылатынын атап өтті,  деп хабарлайды BNews.kz.

"Сонымен қатар, инвесторларға АХҚО жанындағы британиялық принцип бойынша жұмыс істейтін жаңа сот жүйесінің құрылуы сенімділік береді – бұл да өте тартымды. Жаңа ұлттық инвестстратегиясында ерекше көңіл экспортқа бағытталған өндірістерді құруға аударылатынын белгілеп өткен жөн. Қазақстанға тікелей инвестицияларды тарту саласында, нақты айтқанда шикізаттық емес, экспортқа бағытталған секторда екінші  екпін жасайтын уақыт келді", - белгілеп өтті Сапарбек Тұяқбаев.

"Kazakh Invest"-тің қолдауымен қазақстандық кәсіпкерлер әлеуетті шетелдік инвесторлармен белсенді қызмет жасап келе жатыр. 

"Қазіргі таңда біз жергілікті бизнеспен белсенді жұмыс істеп жүрміз, тізімімізде 40-тан аса орта, ірі кәсіпкерлер бар. Жергілікті бизнес ақшаны қайда салу қажет екенін ең жақсы біледі. Олардың әр қайсымен біз жобаларды айқындап, бұл жобаларды халықаралық стандарттар бойынша пысықтау үшін – барлық тәуекелдерді, қаржы модельдерді есептеу, маркетингтік зерттеу жүргізу үшін сарапшыларды шақырамыз. Бұдан әрі, дайын жобамен біз ірі халықаралық инвесторларға барамыз: әр елде дәл осы сала бойынша таргеттейміз. Компаниялар қызығушылық білдірген кезде, келіссөздер басталады. Егер екі серіктес (жергілікті мен шетелдік)  келіссе, біз қаржыландыру мүмкіндіктерін іздей бастаймыз. Содан соң әкімдікке хабарласып, инвесткелісімшартты аламыз және жобаны құрылыс аяқталғанша сүйемелдейміз. Біздің жұмысымыздың алгоритмі шамамен осындай. Тәжірибеде біз жұмыс істеп жүргенімізге бірнеше ай болды және бұл өз тиімділігін көрсетті" - деп "Kazakh Invest"-тің басшысы айтып берді.

Осы жылы әлеуетті инвесторларды іздеуге "Kazakh Invest" тәуелсіз өкілдері көмектесіп жүр.

"Қазіргі таңда біз 20-дан аса өкілдермен келісімшарттарға қол қоюдамыз, олардың қызметтеріне ақы төленбейді, бұл инвесторларды сүйемелдеумен айналысатын мамандандырылған, заң, консалтингтік компаниялар. Бұл солардың бизнесі, олар өздерінің нарықтарында ақша тауып жүр. Біз оларға хабарласамыз, Қазақстанға тартамыз. Мұнда әлеуеттің бар екеніне сендіреміз.  Олардың жұмыстары Қазақстанға инвесторларды іздеу мен тартуды қамтиды. Алдын ала біз инвестмүмкіндіктер туралы ақпаратты және нақты жобаларды ұсынамыз. Бұл өзара пайдалы ынтымақтастық: біз көмектесеміз және олардың инвесторларын Қазақстанға алып барамыз, ал олар өз кезегінде – оларды табады. Бірінші үш-төрт айда мұнын жұмыс істейтініне көзіміз жетті. Біздің мақсатымыз – Қазақстан үшін маңызды 38 елді қармау" - деп хабарлады Сапарбек Тұяқбаев.

Қазіргі уақытта "Kazakh Invest"-тің Франция, Германия, Түркия, АҚШ және Қытай сияқты 5 елде өкілдіктері бар екенін белгілеп өту қажет. Жақын арада БАӘ-да өкілдік ашылады, ол 7 араб елінен инвесторларды сүйемелдейтін болады, сондай-ақ, әлемдік қаржы орталықтары - Нью-Йорк пен Лондон қалаларында кеңселер ашылады. Мұнда барлық негізгі инвесторлар, ірі ТҰК тұрып жатыр", - деді Тұяқбаев.

Жалпы, қабылданған Ұлттық инвестстратегияның шеңберінде 11 басым ел белгіленген – олар Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция, БАӘ, Түркия, Ресей, АҚШ. "Бұл елдерде біз негізінен экономиканың шикізаттық емес секторында, қайта өңдеу саласында жұмыс істеп жатқан компанияларды таргеттейміз. Бұл елдерге әлемдік инвестициялардың шамамен 80 пайызы келіп тұр" - деп қорытты "Kazakh Invest" басшысы.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #инвестициялық жоба #логистикалық орталық #жоба #халықаралық ынтымақтастық

Читайте также

Похожие новости