Өткен жылы Алматыда 500-ге жуық адамға оралман мәртебесі берілді

05 маусым, 2018, 16:28 3966
Өткен жылы Алматыда 500-ге жуық адамға оралман мәртебесі берілді

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды.

Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Талғат Разақовтың айтуынша, "Оралман мәртебесін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету саласында комиссияның 50 отырысы өткізілді, деп хабарлады Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оралман мәртебесі 481 этникалық қазақтарға берілді, оның ішінде 321 адамнан тұратын 251 отбасы және одан бөлек 230 адам. 

Оралмандардың жалпы саны (481 адам) ерлердің саны 217 адам (45,0%), әйелдер - 264 адам (55,0%).

Жұмыс жасындағы адамдар 315 адам немесе 65,0%, еңбекке жарамды жастағы адамдар - 135 адам немесе 28,0%, зейнеткерлік жасындағы - 31 адам немесе 7,0% құрайды.

Еңбекке жарамды  жастың 154 немесе 49,0%-ы жоғары және толық емес жоғары білімі бар, орта арнайы білімді 64 адам - 20,0%, жалпы орта білімді - 73 адам - 23%, қалған 24 адам -8,0%  Алматы қаласының орта және жоғары оқу орындарында оқитын студенттер.

Оралмандардың шыққан елдері: Қытай - 352 адам - 73%, Өзбекстаннан 108 адам-23,0%, Ресейден - 6 адам - 1,0%, Қырғызстаннан - 4 адам - 0,8%, Моңғолиядан - 3 адам - 0,6%, Түркиядан - 3 адам - 0,6%, Украинадан - 1 адам - 0,2%.

Оралмандардың басым бөлігі Әуезов ауданында тіркелген - 162 адам - 34,0%, Алатау ауданында - 143 адам - 30,0%, Бостандық ауданында - 59 адам - 12%. Басқа аудандарда оралмандар келесі тәртіппен тіркелген: Алмалы ауданында - 34 адам -7,0%, Медеу ауданында - 31 адам - 6,0%, Наурызбай ауданында - 23 адам - 5%, Жетісу ауданында - 17 адам - 4,0%, Түрксіб ауданында - 12 адам - 2,0%,-деп толықтырды басқарма басшысы.   

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы #Еңбек инспекторлары #жоғарғы қабатқа бағалы заттарды көшіру

Читайте также

Похожие новости