Түркістан және Отырар қалаларында "Пробация үйі" әлеуметтік орталықтары ашылды

Түркістан және Отырар қалаларында "Пробация үйі" әлеуметтік орталықтары ашылды

14 ақпан, 11:34 2209 Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан және Отырар қалаларында

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының "Ұлт жоспары – 100 нақты қадам" бағдарламасы қарқынды іске асырылып жатыр.

Оның дәлелі Түркістан және Отырар қалаларында бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға жергілікті билік өкілдерінің, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметі қызметкерлерінің өзара ықпалдастығымен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін "Пробация үйі" орталығының ашылуы болып отыр, деп хабарлайды  BNews.kz ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі. 

Түзеу мекемесінен шыққан немесе қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандарға әлуметтік-құқықтық көмек көрсету және олардың  қоғамға бейімделуі бағытындағы жұмыстар белсенді іске асырылып жатыр. ҚАЖ қызметкерлері осы санаттағы адамдарға жоғалған құжаттарын қалпына келтіру, жұмыс тауып беру, медициналық көмек көрсетуге ықпалдасуға, психологиялық сүйемелдеулер жүргізіп, тіпті жеке ісін ашуға, түрлі жеңілдіктер, зейнетақы ресімдеу мен алуға қол ұшын береді.

Олардың ішінде бүгінгі таңда ең өзекті және сұранысқа ие болып отырғаны – еркіндіктегі өмірге бейімделуге, жұмыспен қамтылуға деген ынта болып отыр, сондай-ақ ең бастысы сотталғандар арасындағы қылмыстың азайып, олардың алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады. 

Аталған барлық қызмет "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетілетіндіктен, жергілікті жердегі есепте тұрған азаматтарды бақылау айқын әрі қолжетімді болады. 

Бүгінгі күні осындай пробациялық орталықтар Шымкент, Кентау қалаларында және Оңтүстік Қазақстанның Шардара аудандарында өз жұмыстарын атқарып жатыр.

Түркістан және Отырар қалаларында "Пробация үйін" ашуға бастамашылық жасаған жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-әрекетінің нәтижесінде ОҚО бойынша ҚАЖ департаменті болып отыр.

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстанның пробация қызметінде 3259 адам есепте тұр.                 

`

Серіктестер жаңалықтары