Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан құрамасын Универсиадада сәтті өнер көрсетуімен құттықтады

03 ақпан, 2017, 09:58 1342 Алматы
Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан құрамасын Универсиадада сәтті өнер көрсетуімен құттықтады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спортшылар мен жанкүйерлерді Қазақстан құрамасының 28-ші қысқы Бүкіләлемдік Универсиадада сәтті өнер көрсеткені үшін құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды 28-ші қысқы Бүкіләлемдік Универсиадада спортшыларымыздың сәтті өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтаймын! Қазір Қазақстанның студенттік құрамасының еншісінде 15 медаль бар. Оның алтауы алтын: Алина Райкова (биатлон), Жанбота Алдабергенова және Бағлан Іңкәрбек (фристайл-акробатика), Галина Вишневская (биатлон), Юлия Галышева (фристайл), Дмитрий Рейхерд (фристайл), Иван Люфт (шаңғы спринті), екеуі күміс: Жібек Арапбаева (фристайл-акробатика), Галина Вишневская (биатлон) және жеті қола медаль: Жанбота Алдабергенова (фристайл-акробатика), Анна Шевченко (екі қола медаль, шаңғы жарысы), Екатерина Айдова (конькимен жүгіру), Павел Колмаков (фристайл), Анна Стоян (шаңғы жарысы), Роман Еремин (биатлон).

Бұл Универсиада тарихындағы қазақстандық спортшылардың ең жоғары көрсеткіші! Осылайша, қазір біздің құрамамыз медальдық есепте екінші орынға табан тіреді!

Алда әлі көптеген қызықты да әсерлі бәсекелер күтуде – мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, шаңғымен трамплиннен секіру, керлинг, шаңғы қоссайысы, сноуборд, фристайл, шорт-трек және басқалар.

Қазақстандықтардың қолдауы спортшыларымыздың жеңіске деген жігерін нығайтып, спорттық рухын асқақтатады деп сенемін. Оларға жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тілеймін! - делінген құттықтау хатында.

 

`