Біртанов БҚО-дағы денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру барысымен танысты

20 Апреля, 2018, 17:28 6782
Біртанов БҚО-дағы денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру барысымен танысты | Цифровой Казахстан | BNews.kz

ҚР Денсаулық сақтау минстрі  Елжан Біртанов облыстың медицина ұйымдарын құжатсыз жұмыс форматына көшіру үдерісімен танысты.

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмыс сапарының аясында Батыс Қазақстан облысында болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ол облыстың медицина ұйымдарын құжатсыз жұмыс форматына көшіру үдерісімен танысты. БҚО құжатсыз жұмыс процесінде пилоттық жобаны іске асыру үшін біріншілердің қатарында таңдалды. Пилот аймақтағы 40 денсаулық сақтау ұйымын қамтыды.

Елжан Біртанов Орал қаласындағы №3 қалалық емханада болды, онда "Пациент кабинеті" мобильді қосымшасы таныстырылды. Бұл мобильді қосымшаның көмегімен пайдаланушылар үйден дәрігер қабылдауына жазылуға және дәрігерге қоңырау шалуға, жазылған рецептілерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін көруге мүмкіндік алды. Емхана басшылығы медициналық ақпараттық жүйе мен "Электронды кезек" қалай жұмыс істейтінін көрсетті.

Сапардың тағы бір нысаны - облыстық клиникалық аурухана, онда "Қазмединформ" медициналық ақпараттық жүйесінің функционалы және емханадағы тіркеуден бастап науқасты шығаруға дейін тұтастай қағазсыз процесстің қалай өтетінін көрсетілді. Бұл ақпараттық жүйе барлық медициналық ұйымдармен онлайн режимінде байланыс орнатуға мүмкіндік береді. "Қазмединформ" медициналық қателердің санын азайтуға, медициналық көмектің үздіксіздігін қамтамасыз етуге, медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға және т.б. мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрі облыстық денсаулық сақтау басқармасында  қағазсыз жұмыс процесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асырып отырған республиканың сегіз аймағымен селекторлық режимде отырыс өткізді. Отырыс барысында өңірлер жобаны жүзеге асыру сәтінен бастап өздерінің жетістіктері туралы айтып, тәжірибе алмасып, министрге сұрақтар қойды.

Бұдан басқа, министр Зеленов ауданында болды. Атап айтқанда, ол Дариян ауылында орналасқан Зеленов аудандық ауруханасында, Трекино ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда және Володар ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінде қағазсыз жұмыс процесі жобасының жұмысы мен жетістіктерімен танысты.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен қалалық көпбейінді аурухана базасында облыстың медициналық қауымдастығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мәселелері мен аймақтың  цифрландыруы талқыланды.

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости