Сағынтаев еңбек және әлеуметтік салаларды цифрландыру жөнінде кеңес өткізді

10 Мая, 2018, 17:50 6600
Сағынтаев еңбек және әлеуметтік салаларды цифрландыру жөнінде кеңес өткізді | Цифровой Казахстан | BNews.kz

Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция байланыс режимінде әлеуметтік-еңбек қызметін цифрландыру мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында елімізде Цифрлық Қазақстан аясында электронды еңбек биржасын, электрондық еңбек келісімшарттарын және әлеуметтік-еңбек саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу бойынша үш ауқымды жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Кеңесте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова, білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және т.б. сөз cөйледі.

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости