АҚШ-тан келген еріктілер EXPO-2017 көрмесінен кеткілері келмейді

03 тамыз, 2017, 17:30 2533
АҚШ-тан келген еріктілер EXPO-2017 көрмесінен кеткілері келмейді

Қаулан Құсайынхан мен Джулия Маклейн Астанаға бір ай бұрын Лос-Анджелес қаласынан келген еріктілер. Оларға EXPO-2017 көрмесінде жұмыс істеу ұнағаны соншалық, тағы бір ай қаламыз деп отыр, деп хабарлайды astanaexpo.tv.

Қаулан мен Джулияның қазақша еркін сөйлеуі көрмеге келушілерді таң қалдыруда. Қаулан қытайда өскен демесеңіз, қаны қазақ. Ал, Джулия бір жыл бойы қазақ тілін меңгерген. Оларды тек АҚШ азаматтығы ғана біріктірмейді: жарты жыл бұрын бұл жұп шаңырақ көтеріп, отбасын құрды.

«Мен Қазақстанға 6 жыл бұрын келгенмін, сол кезде-ақ бұл жерге ғашық болдым. Онымен қоса, бұл менің жұбайымның тарихи атамекені. Сол үшін бұл жерге келіп, үлкен іс-шараның бір бөлшегі болу мен үшін бақыт», -дейді Джулия.

 

 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Джулия Маклейн #Қаулан Құсайынхан

Читайте также

Похожие новости