ЭКСПО-ны тамашалауға облыстардан 75 мыңнан астам оқушы келген

ЭКСПО-ны тамашалауға облыстардан 75 мыңнан астам оқушы келген

13 қыркүйек, 13:06 1898 Астана
ЭКСПО-ны тамашалауға облыстардан 75 мыңнан астам оқушы келген

2017 жылдың 10 маусымы 10 қыркүйегі  аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға облыстардан 77 894  оқушы және жетекші келген. Бұл жоспарлаған саннан екі есе асып түсті. Астана қаласы әкімдігінің бастауымен ұйымдастырылған жоба аясында қалаға 40 мыңға жуық оқушы мен жетекшінің келуі жоспарланған, деп хабарлайды Bnews.kz. 

Жас қонақтар үшін екі күндік арнайы бағдарлама қарастырылды: бірінші күні Елорданың әсем жерлерімен танысып, келесі күні Халықаралық Экспо-2017 көрмесін аралау.

Әр өңірдің делегациясына Астананың Білім беру басқармасы тарапынан жауапты тұлғалар белгіленіп, әр аймақ тарапынан балаларға жауапты мұғалімдер мен медициналық кызметкерлерi карастырылды. Қонақтар қаладағы білім беру ұйымдарының жатақханаларына орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар ІІД ЖПҚ қызметкерлері тарапынан тәулік бойы күзету ұйымдастырылған болатын.

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин:

Балалар үшін, біріншіден, бұл халықаралық, жоғары деңгейдегі өткен іс-шараға қатысып, жалпы әлемде болып жатқан өзгерістерден хабардар болу мүмкіндігі. Екіншіден, жастарымыз еріктілер қызметін атқарып, еселі тәжірибе алды. Өз кезегінде бұл тіл және коммуникативті дағдыларды дамыту, біліктілігін арттыру. Үшіншіден, қатысқан балалар бойында жаңа жобалардың идеялары пайда болып, келешекте олар қаламыздың, еліміздің дамуына өз септігін тигізеді деп ойлаймын.

Шынайы қуанышпен əрбір экспонатқа қызыға қарап, павильондарды аралау барасында жазбалар жасап жүрген оқушылардың сыңғырлаған дауыстары бүкіл айналаны жаңғыртып шықты. Көрме қонақтары мен қатысушылары балалар іс-шараға ерекше көңіл-күй сыйлап, тамашалаған құбылыстар жайлы шыдамай дəл сол мезетте ата-аналары мен достарына звондап бөлісетінін айтып берді.

Əрине, бүгінгі жас ұрпақтың Елордамыздың өсіп-өркендеуінің куəгерлері бола алатыны қуанышты. Келешекте олар жан-жақты дамыған, Қазақстанды тарихта қалатын жаңа елеулі жетістіктерге апаратын жастарға айналады.

Анықтама үшін: «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 28 мыңнан астам елордалық оқушысы қатысты.

Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының деректеріне сай, көрме аясында Астана қаласы әкімдігіне қарасты қалалық еріктілер штабы жұмысын атқарды. 1500-ден астам белсенділер 96 объектіде қызмет жасады, соның ішінде колледж бен ЖОО-ның студенттері, оқушылар мен белсенділік танытқан жандар. Сонымен қатар, еріктілердің келесі тобы қалада өткен мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты болды.

`

Серіктестер жаңалықтары