Президент Жолдауын тыңдаған Алматы жастары еріктілер туралы заңға түзетулер енгізуді ұсынды

11 қазан, 2018, 12:53 3084 Алматы
Президент Жолдауын тыңдаған Алматы жастары еріктілер туралы заңға түзетулер енгізуді ұсынды

G-38 ұйымының мүшесі және Алматының 38 жоғары оқу орнының өкілі Мәдина Ысқақова еріктілер корпусының тәжірибесі мүмкіндігінше еңбек өтіліне есептелуі тиіс дегенді айтты.

Алматыда Президент Жолдауын талқылауға қатысты өткен қала активімен кездесу барысында алматылық еріктілер Қазақстан Республикасының "Еріктілер қызметі туралы" Заңына бірқатар түзетулер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мысалы, G-38 ұйымының мүшесі және Алматының 38 жоғары оқу орнының өкілі Мәдина Ысқақова еріктілер корпусының тәжірибесі мүмкіндігінше еңбек өтіліне есептелуі тиіс дегенді айтты.

"Еріктілер труралы заңының қабылдануы елімізде еріктілер қозғалысын дамытудың оң қадамы болды. Дегенмен, біз қазір біртіндеп жаңа кезеңге аяқ басудамыз, сондықтан барынша тиімді сипатқа ие заң қабылдануы тиіс. Нақтырақ айтсақ, шетелдердегі сияқты еріктілердің қызметі жұмысқа тұрара кезде еңбек өтілі ретінде саналуы, жатақханаға орналасуда және жастарға қатысты өзге істерде әлеуметтік жеңілдік беруі тиіс. Осылайша, біз біртіндеп жастардың санасын өзгертеміз, бұл небәрі аз ғана бонус, бірақ ол үлкен істердің қозғаушы күші болуы мүмкін", - деп атап өтті ол.

Өзінің сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауында білім беруде 4К моделіне басымдылық берілгенін, ал бұл креативтілікті, сыни ойлануды дамытып, командамен жұмыс істеуге үйрететінін айтты.

"Елбасының тапсырмасы бойынша Алматыда 2017 жыл Жастар жылы деп жарияланған еді. Өткен жылы көп істер атқарылды. Біз жастар үшін нақтылы индикаторлары мен жобалары бар "Алматы 2020: жастарды қолдаудың жол картасын" қабылдадық. Жастармен жұмыс жасаудың заманауи орталығы Open Space форматында құрылды. "Рухани жаңғыру" аясында Жамбыл атындағы кітапхана коврингтік орталықтың өзіндік симбиозына айналды. Қазіргі кезде бұл орталықтар тек жастар жиналатын орын ғана емес, озық идеялар туындайтын, түрлі мәселелер шешілетін мәні зор алаңдарға айналды", - деді Мәдина Ысқақова.

№54 мектеп-гимназия директоры Гүлнәр Қарамендинова педагогтардың мәртебесін көтеруде Мемлекет басшысы бастамасының маңызды екенін атап өтті.

"Ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауында атқарылуы тиіс міндеттер ішінен біз "Педагог мәртебесі туралы" заңды әзірлеу және мұғалімдерге түсетін жүктемені азайту жөнінде берілген тапсырманы зор қуанышпен қабылдадық. Президентімізге үлкен рахмет!", - деді педагог.

`