Халық қалаулылары халыққа Жолдауды түсіндірді

Халық қалаулылары халыққа Жолдауды түсіндірді

12 қаңтар, 12:13 3850 Шығыс Қазақстан облысы
Халық қалаулылары халыққа Жолдауды түсіндірді

Шығыс Қазақстан облысында Мәжіліс депутаттары Евгений Козлов пен Шавхат Өтемісов Ұлан ауданы Восточное ауылының тұрғындарымен кездесіп, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндірді, деп хабарлайды BNews.kz parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Жолдауда Президент жүзеге асырылуы тиіс 10 басым бағытты анықтап берді.

«Бірінші кезекте Елбасы индустриаландыру мен жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу керектігін атап айтты. Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына тезірек енуі үшін сіздермен біз жұмыла жұмыс жасап алға қойылған мақсаттарды толығымен орындауымыз керек. Жолдауда агроөнеркәсіп саласын автоматтандыру айтылды. Біздің ауылшаруашылығымыз бәсекеге қабілетті болуы үшін бүгіннен бастап техникаларды жаңартып, автоматтандыру жүйесіне көшуіміз қажет», -  деді Шавхат Өтемісов.

Сондай-ақ, Жолдаудың әлеуметтік саласын халыққа түсіндірген Евгений Козлов ұстаздардың жалақысының көтерілуі мен әлеуметтік саланы қаржыландырудың артқанын тілге тиек етті.

«Ұстаздар жалақысы 30 - дан 50 пайызға дейін жоғарылайды. Бұл дегеніміз, елімізде сапалы білім алуға, сапалы білім беруге барлық жағдай жасалып жатыр деген сөз. Әлеуметтік қолдау саласына бөлінетін қаржы көлемі 12 пайызға артты. Бұл бұрын соңды болмаған көрсеткіш», - деді ол.

Жиын барысында жергілікті тұрғындар халық қалаулыларына өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Сұрақтардың көбі жер беру, ауылшаруашылығын субсидияландыру мен жол жөндеу мәселесіне бағытталды. Халық қалаулылары кездесу барысында келіп түскен сұрақтарды жазбаша түрде қабылдап, тиісті министрліктерге жолдайтындарын жеткізді.

`

Серіктестер жаңалықтары