Жаңа технологиялар - дәуір талабы

Жаңа технологиялар - дәуір талабы

11 қаңтар, 13:51 4034 Астана
Жаңа технологиялар - дәуір талабы

Парламент Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саланы дамытуға, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру, орта және жоғары білім беру салаларын дамытуға баса назар аударылғанын ерекше атап өтті.

Парламент Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саланы дамытуға, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру, орта және жоғары білім беру салаларын дамытуға баса назар аударылғанын ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

Бұл бүгін аса маңызды мәселе, себебі бүкіл әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басып келеді. Қазіргі таңда өмірдің барлық салаларына жаңа технологиялар енгізіліп, қолданылуда. Білім беру саласы да одан қалыс қалмауы тиіс.

Жастарды жаңа технологиялық даму деңгейіне қазірден бастап дайындаған жөн. Сол үшін 2019 жылы мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттары енгізілетін болады; 2021 жылы орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу аяқталады; педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдары қайта қаралатын болады; еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттер дамытылады; білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасы күшейтіледі; қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады; халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады.

Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасындағы компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылып, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерді бейнеқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары жалғастырылатын болады.

Бұның бәрі уақыт талабы, жаңа технологиялар дәуірінің талабы.

Сондықтан, қарқынды дамып жатқан әлемде басқалардан қалып қоймау үшін, жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу үшін, озық дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін Елбасының Жолдауда алдымызға қойып отырған міндеттер мен ұсыныстарды толыққанды іске асыру үшін еліміздің әрбір азаматы өз үлесін қосатынына сенемін, деп атап өтті сенат депутаты Нариман Төреғалиев.

`

Серіктестер жаңалықтары