Президенттің бес әлеуметтік бастамасы Жамбыл облысында түсіндірілді

23 Августа, 2018, 12:09 6936
Президенттің бес әлеуметтік бастамасы Жамбыл облысында түсіндірілді | Пять инициатив Президента | BNews.kz

Сенаторлар облыс әкімшілігі, мәслихат депуттатары, аймақтағы мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.

Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров және сенатор Абдалы Нұралиев бірқатар нысанды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Сапар барысында Сенат депутатарының назарын аударған мәселелердің бірі Тараз қаласынан шығатын қалдық суларды арнайы сүзгіден өткізетін орынның болмауы. Осының салдарынан болашақта көрші жатқан Жамбыл ауданы тұрғындары да ауыз судың азабын тартуы мүмкін. Өйткені, тазаланбаған қалдық су жер асты суымен қосылып кетеді. 2000 жылдық тарихы бар Тараз үшін бұл өте өзекті мәселе. Сондай-ақ, сенаторлармен кездесуде елді мекендерді газдандыру мен ауызсу мәселері де көтерілді.

Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров облыс әкімшілігі, мәслихат депуттатарымен аймақтағы мекеме басшыларымен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен де кездесіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен бес әлеуметтік бастамасының маңызын жан-жақты түсіндірді.

"Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Бұл орайда еліміздің ауылшаруашылығын көтеру аса маңызды. Елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керектігін міндеттеді. Бұл – ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға жол ашады", - деді сенатор.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов сенаторларға ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласын дамытудың жол картасы әзірленгендігі, қордаланған проблемаларды шешу үшін оның арнайы тетігі дайындалғандығы жөнінде мағлұмат берді.

Сондай-ақ, Сенат төрағасының орынбасары Жамбыл облысы Ішкі істер департаментіне барып, жедел басқару орталығының жұмысын көрді, қызметкерлерімен кездесіп, қабылданған заңдар туралы әңгімелеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде, Ішкі істер департаментінің қызметкерлері ағымдағы заңнаманы жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

"Көтерілген мәселелерде назарға аларлық негіз бар, біз заңнамаларды дайындау барысында бұл ұсыныстарыңызды жан-жақты зерделейтін боламыз" , - деп атап өтті Бектас Бекназаров.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13990

Похожие новости