Ақтөбеде Астананың 20 жылдығына орай жаңа аллея ашылады

20 Мая, 2018, 14:52 1727
Ақтөбеде Астананың 20 жылдығына орай жаңа аллея ашылады | #столица | BNews.kz

Ақтөбе облысында Орынбор облысының күндері өтті. Шара Қазақстанның елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған, деп хабарлайды BNews.kz.

Орынбор облысы күндерінің маңызды оқиғаларының бірі - Ақтөбенің қарқынды дамып келе жатқан шағын ауданы Батыс-2-де жаңа аллея іргесінің қалануы болды. Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг қатысты.

Шара барысында 300-ден аса шырша, қайың мен өрік ағашы отырғызылды. Аллеяның аумағы толықтай абаттандырылады – отырғыштар, сауыттар мен жарықшамдар орнатылған. Аллеяға басты көрік беретін – екі елдің достығын білдіретін арка болмақ.

Сапарбаев пен Берг аллеяға жақын орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірін қарап шықты. Бұл үйдің жарында екі ұлы елдің мәдениетінің бірлігі ретінде композиторлар Мстислав Ростропович пен Ахмет Жұбанов бейнеленген.

"Өнер адамдарды ұлтына қарамастан жақындастыра түседі. Әлемдік музыкалық мәдениетке баға жетпес үлес қосқан екі ұлы тұлғаны еске алғаны үшін Юрий Александровичке және орынборлықтарға рахмет айтамын. Сондай-ақ, көптеген жыл бойғы біздің тату көршілік қарым-қатынастарымызға куә болатын осы әдемі аллея үшін де", - деді Бердібек Сапарбаев.

Орынбор облысының губернаторы Ақтөбе қаласында Ростропович атындағы музыкалық фестивальді өткізу туралы жоспарын мәлімдеді.

"Орынборда өтіп жатқан Мстислав Ростроповичтің фестивалі Ақтөбеде де өтетініне сенімдімін. Сіздерге алғысым шексіз. Біз тағы да көп нәрсені бірге бітіре аламыз", - деді Юрий Берг.

Бұдан басқа, Бердібек Сапарбаев пен Юрий Берг Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан Орынбор облысының ірі көрме экспозицияларын қарап шықты.

Бердібек Сапарбаев Орынбор облысының делегациясына Ақтөбе қаласындағы Орынбор күндерін жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс айтты.

"Біздің міндетіміз - ата-бабаларымыздың істегендерін жалғастыру. Біздің мемлекеттер басшылары саясатының арқасында біз әрқашан жақсы көршілерміз және бола береміз. Ең бастысы - біздің адами қарым-қатынасымыз. Біз өз халқымыздың қарым-қатынасы үшін барлық жағдайды жасауымыз керек және экономика мен саясатты осы негізді құру керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

Орынбор облысының губернаторы екі өңірді дамыту үшін тату көршілік қарым-қатынастардың маңыздылығын да атап өтті.

"Біздің өңірлер көп жылдан бері байланыс жасап, дос болды. Біз бірге құрдық, бірге жұмыс істедік және ең бастысы, оны жалғастыра береміз. Еліміздің Президенттері бізге болған, қазіргі таңда бар және бола беретін берік достықтың үлгісін көрсетіп келеді. Ал біз сіздермен бірге келесі ұрпақтың бейбіт әрі келісімде өмір сүруін жалғастыру үшін барлығын жасауымыз қажет",-деді Юрий Берг.

Экспозиция аясында көрмелердің, таныстырылымдардың ауқымды бағдарламасы, мәдени-ойын-сауық бағдарламалардың шеберлік сабақтары ұсынылды.

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости